Архив событий

19/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысымен кездесу өткізді

19/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысы Любовь Рубежанскаямен кездесті.

Кездесу «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру жүйесінің жұмысын жақсарту және аз қамтылған  топтарға білікті заң көмегін алуға қолжетімділік деңгейін арттыру» жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Сот төрелігі академиясы судьялар мен магистранттар үшін тренинг өткізді

19/04/2017

Сот төрелігі академиясының Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің ұсынымына сәйкес сот білімі бағдарламасы бойынша курс тыңдаушылары – аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сондай-ақ, магистранттар үшін тренинг өткізді.

Тренинг процестік құжаттар мен олардың уәждемесін әзірлей отырып модельдік істер бойынша сот процесін қойылымдық негізде рөлдік ойындар түрінде өткізудің шетелдік тәжірибесіне негізделіп өткізілді.