Архив событий

24/04/2017

Петропавлда медиацияны қолдану бойынша өңірлік ғылыми семинар өткізілді

24/04/2017

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары Қазақстан халқы ассамблеясының өңірлік филиалымен бірлесіп, медиацияны қолдану бойынша өңірлік ғылыми семинар өткізді

Семинар жұмысына өңір судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, прокуратура органдарының, ішкі істер департаментінің өкілдері, нотариустар, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мектептерінің психологтары мен әлеуметтік педогогтары.

Республикалық соттары Наурыз мерекесін атап өтті

24/04/2017

Атырау облысының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында Жайық жағалауында 5 киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылды.

Осынау ауқымды іс-шараға қатысу үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев,  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, еңбек және сот жүйесінің арадагерлері қатысты.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин: «ЖСК еліміздегі судьялардың кәсібилігін одан әрі арттыруға мүдделі»

24/04/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің қатысуымен облыстық соттың жалпы отырысы өтті.

Іс-шараны ашқан Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин Жоғары Сот Кеңесі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау мақсатында сот жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Белсенді және тұрақты түрде жұмыс жүргізілетін маңызды міндеттердің бірі – судья кадрларын іріктеу және дайындау жүйесін жаңғырту, ел судьяларының кәсіби біліктілігін арттыру.