Республикалық соттары Наурыз мерекесін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында Жайық жағалауында 5 киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылды.

Осынау ауқымды іс-шараға қатысу үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев,  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, еңбек және сот жүйесінің арадагерлері қатысты.

Облыстық сот төрағасы М.Бектұрғанов мерекелік жиынды ашып, «біздің ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жөн-жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда қалуы тиіс» – деген Елбасының сөздерін еске салды.

Облыс әкімі Н.Ноғаев құттықтау сөзінде: «Сан ғасырлық тарихқа қарамастан Наурыз мейрамы ұлт санасында сақталып, көптен күткен мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге қайта оралды. Қазақтар әрқашан тойларды бірнеше айлап атап өтетін болған. Бұған мысалды бүгін облыстық сот жүйесі көрсетіп отыр» - деді. Ол «Наурыз мерекесі өзінің шуақты сәулелерімен әр шаңыраққа бақыт пен береке алып келсін» - деп тілек білдірді.

Көрермендерге театрландырылған көріністер ұсынылып, іс-шара көктемнің келуі мен жаңаруын білдіретін Қыдыр атаның батасымен басталды. Мереке байқаулармен жалғасып, судьялар мен мамандар театрландырылған көріністер арқылы  «Құда түсу», «Қыз ұзату», «Үйлену», «Бесікке салу» және «Тұсау кесер» секілді ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеді. Ең қызығы, театрландырылған қойылымдардан бөлек, шынайы оқиға да орын алды - сот қызметкерінің сәбиіне Н.Ноғаев «Тұсау кесер» рәсімін өткізді.

Көрсетілім Алаш орда арыстары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин кейіпкерлерінің театрландырылған құттықтауларымен жалғасты.

Киіз үйдің құрылуы, мерекелік дастархан мен ұлттық киімдердің үздігін анықтайтын дәстүрлі сайыс та ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушылар «қой көтеру», «тостақ тауысу», «арқан тартыс», «асық ату», «қазақша күрес» сияқты ұлттық ойындарда бақ сынасты.

Мереклік жиын соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Павлодар облыстық соты және республикадағы Судьялар одағының өңірлік филиалымен бірлесіп, Наурыз мейрамы мен Халық бірлігі күнін тойлауға арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов өзінің құттықтау сөзінде Наурыз мейрамы көктемнің, еңбек және бірліктің жалпы ұлттық мерекесіне айналғанын атап өтті. «Бүгінгі күні осы мереке Қазақстанда тұратын барлық 140 этнос өкілдері үшін бірдей қымбат болып табылады. Бірлік пен тұрақтылық – біздің республика Президенті жүргізіп отырған саясаттың басты басымдығы», - деді.

Салтанатты іс-шара байқау түрінде өтті. Судьялар мен қызметкерлер қазақ халқының «Беташар», «Сынсу» мен «Қыз ұзату», «Есік ашу», «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу» сияқты ұлттық салт-дәстүрлерді театрландырылған көрініс түрінде көрсетті. Сонымен қатар,  киіз үйлердің бұйымдары мен безендірілуі, қолданбалы өнер мен ұлттық тағамдар да жұртшылық назарына ұсынылды.  

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Бірлік» аумақтың мамандандырылған соттарының бірлескен тобы, екінші орынды – «Мәнгілік ел» облыстық және Екібастұз қалалық сотының бірлескен тобы, үшінші орынды – Павлодар қаласының №2 сотының «Достық» тобы иеленді.

«Ең үздік дастархан» аталымында «Достық» тобы, «Ең үздік орындаушы» аталымында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Гүлнұр Жанабекова жеңімпаз деп танылды, «Үздік қойылым» үшін құрмет грамотасын Павлодар қалалық сотының «Ынтымақ» тобы иеленді.

Мерекенің құрметті қонақтары сот жүйесінің ардагерлері – әріптестерінің қабілеті мен дарынын бағалап, ұйымдастырушыларға мерекені өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Атырау және Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметтері