наурыз

Республикалық соттары Наурыз мерекесін атап өтті

24/04/2017

Атырау облысының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мереке қарсаңында Жайық жағалауында 5 киіз үй тігіліп, алтыбақандар орнатылды.

Осынау ауқымды іс-шараға қатысу үшін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев,  мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, еңбек және сот жүйесінің арадагерлері қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

19/03/2016

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңесетін уақыты. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тойлап келе жатқан бұл мейрам – жаңару мен жанданудың, табиғат пен адам арасындағы үйлесімнің және тазалықтың символы. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап, бүкілхалықтық мейрам ретінде оның мән-маңызы арта түсті. Наурыз мейрамы – тарихымызды тереңінен танып, түбі бір түркі халықтарына ортақ ежелгі бай мәдениетімізді, асыл құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді сабақтастыруға тың серпін берді. 

Алматы қалалық сотының судьялары балалар үйіне барды

26/03/2015

Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы  Бақытжан Қараманов пен судья Раушан Досмұханбетова Алматы қаласындағы №2 балалар үйінде болды.  

Алматы қалалық сотының судьялары атынан сөз сөйлеген Бақытжан Қараманов балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтап, биылғы жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын  атап өтетінін де тілге тиек етті.  

Алматы облыстық сотының судьялары сот жүйесінің ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады

20/03/2015

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы С.Сәкенов әріптестермен бірге соғыс ардагері К.Сүлейменовті және тыл қызметкерлері М.Әділбаев пен Е.Жанысовты Наурыз мерекесімен құттықтады. 

Судьялар 30 жылдан астам сот жүйесінде жұмыс жасаған ардагерлерге барып, көктем мерекесімен құттықтап, оларға сыйлық сыйлап, денсаулық,            бақ-береке тіледі.

Ардагерлер өздеріне көрсетілген қошеметке ризашылықтарын білдіріп,  алғыстарын айтты.