Архив событий

05/04/2017

Жоғарғы Cот судьялары Сот төрелігі Академиясының тыңдаушыларымен әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылады

05/04/2017

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының судьялары Талғат Баратбеков, Бейбіт Шермұхаметов, Денис Шипп және  Нұржан Жолдасбеков арнайы ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысып, Сот төрелігі академиясының тыңдаушылармен бірлесіп, әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Астана қаласының сотында сот пен прокуратураның «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесі таныстырылды

05/04/2017

Бүгін Астана қаласының сотында Жоғарғы Соттың Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастыруымен «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесін қолдану бойынша семинар өтті. Іс-шараны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жүргізді. 

Жоғарғы Сотта Сот оқуы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

05/04/2017

Кеңес мүшелері жергілікті соттардың судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мәселелерін, Сот төрелігі академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар туралы есебін, сондай-ақ Академияда оқу процесін жүзеге асырудың негізі – сот қызметкерлеріне білім беру моделін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығы бойынша Б.Чотпаевқа қатысты істі қарады

05/04/2017

Жоғарғы Соттың кассациялық сатысы Бас прокурордың наразылығы бойынша келіп түскен Б.Чотпаевқа қатысты қылмысты істі қарады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2017 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен Б.Чотпаевқа қатысты бірінші және апелляциялық сатылар шығарған сот актілерінің тағайындалған жазаның аса жеңіл болуына байланысты күшін жойды. Іс қайта қарауға апелляциялық сотқа жолданды, наразылық ішінара қанағаттандырылды.