Архив событий

26/04/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай жетекші жоғарғы оқу орындарында бірнеше кездесу өткізді

26/04/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай құқықтық сауаттылық айлығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде сот отырысының оқу залының ресми ашылуы салтанатына қатысты.

Балқашта сот медициналық қызметтерін тиiсiнше орындамағаны үшін моральдық залалды өндірді

26/04/2017

Балқаш қаласының тұрғыны медицина қызметкерлерінің медициналық қызметтерді тиiсiнше орындамағаны үшін моральдық залалды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Талапкер жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған. Балқаш қаласының орталық ауруханасына жүгенгеннен кейін, кезекші дәрігер «сол жақ иық буыны шыққан» деген диагнозды анықтады. Иық буынын түзеткеннен кейін гипспен таңып, амбулаториялық емделуді тұрғылықты жерінде жалғастыру ұсынылған.