Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин: «ЖСК еліміздегі судьялардың кәсібилігін одан әрі арттыруға мүдделі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің қатысуымен облыстық соттың жалпы отырысы өтті.

Іс-шараны ашқан Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин Жоғары Сот Кеңесі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау мақсатында сот жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Белсенді және тұрақты түрде жұмыс жүргізілетін маңызды міндеттердің бірі – судья кадрларын іріктеу және дайындау жүйесін жаңғырту, ел судьяларының кәсіби біліктілігін арттыру.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.

Қоғамның пікірін білу мақсатында жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос орындарына 11 үміткердің тізімдері облыстық соттың ресми сайтында, «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттерінде   жарияланды.

Жалпы отырыстың алдында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті, аталмыш кеңестің негізгі міндеті сапалы сот жүйесін құруға жәрдемдесу болып табылады.

Жалпы отырыстың барысында бос судья лауазымына конкурсқа қатысып отырған үміткерлердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне және іскерлік бейнесіне ерекше назар аударылды.

Ұсынылған 11 үміткердің барлығы облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алды.

Аталған үміткерлердің кандидатуралары бұдан әрі Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қаралатын болады.

 

Жамбыл облыстық сотының жалпы отырысына Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Ләззат Күдекова қатысты.

Жалпы отырыстың қатысушылары жергілікті соттардың судьялары және төрағаларының бос тұрған қызметтеріне жарияланған конкурсқа қатысушы үміткерлердің кандидатураларын талқылады.

Іс-шараны Л.Күдекова ашып, Жоғары Сот Кеңесі Ұлт Жоспарын орындау мақсатында сот жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін, Жоғары Сот Кеңесі өзінің қызметінде судья кадрларын іріктеу және даярлау жүйесін жаңғыртуды, ел судьяларының кәсіби біліктілігін арттыруды көздейтінін атап айтты.

Облыстық соттың төрағасы Рүстем Алшынбаев қазіргі заманның талаптарына сәйкес судьяларға қойылатын талаптардың артқанын ескере отырып, судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде олардың жұмыс сапасы мен жұмыс өтіліне, сонымен қатар, заңнамаларды білу деңгейіне, мінсіз абыройы мен жеке басының қадір-қасиетіне және іскерлік келбетіне назар аударылатынын айтты. Ол жергілікті соттардың судьялары және төрағаларының бос тұрған қызмет орындарына 24 үміткердің тізімі облыстық соттың ресми сайтына жарияланғандығын хабарлады. Олардың кандидатуралары Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.

Жалпы отырыстың қатысушылары әр кандидатураны қарады және оның қорытындысы бойынша барлық 24 үміткер оң нәтиже алды. Енді олардың кандидатуралары Жоғарғы Сот Кеңесінің отырысында қаралады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі