Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысы жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыстың жұмысына қатысты. Оның барысында қатысушылар жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары конкурсына үміткерлердің кандидатураларын талқылады.

Отырысты аша отырып, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А. Смолин Жоғары Сот Кеңесі Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында сот жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Белсенді және тұрақты түрде жұмыс жүргізілетін маңызды міндеттердің бірі – судьялық кадрларды іріктеу және даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Облыстық соттың төрағасы судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қатысты қоғамдық пікірді білу мақсатында 13 үміткердің тізімі облыстық соттың ресми сайтында, «Северный Казахстан», «Солтүстік Қазақстан» газеттерінде және «Қазақстан-Петропавл» телеарнасында жарияланғанын атап өтті. Жалпы отырыс өтерден бұрын құрамына жергілікті қоғамның белді өкілдері, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, БАҚ-тың өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері кіретін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Жалпы отырыстың қатысушылары конкурсқа қатысып отырған үміткерлердің кандидатураларын қарастыра келе, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттеріне және іскерлік бейнесіне ерекше назар аударды.

Талқылаудың нәтижесінде 13 үміткердің онына облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы берілді. Аталған үміткерлердің кандидатуралары бұдан әрі Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қаралатын болады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі