Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жалпы отырысында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың жалпы отырысы өтті.

Іс-шараны ашқан сот төрағасының міндетін атқарушы Бахыт Қасейінов Жоғарғы Сот тапсырмасын орындау мақсатында жалпы отырыс жұмысын ұйымдастыру тәсілі өзгергенін атап айтты. Енді сот практикасын талқылауды кең тәжірибеге енгізу, сот төрелігін іске асыру кезінде заңдылықтың сақталу мәселесін қарау, соттардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жоспарлануда.

Жалпы отырыс барысында Сот жюриінің біліктілік комиссиясына ұсыну үшін жұмыстың бір жыл нәтижесі бойынша аттестацияға жататын 4 судьяның кәсіби қызметі олардың алдағы кәсіби қызметінің бағалануына байланысты талқыланды. Жас судьялар туралы бар ақпаратты мұқият зерделеп, соттардың төрағаларын, олардың жетекшілері мен кураторларын тыңдап барлық төрт судьяға оң қорытынды берілді.

Бұдан әрі жалпы отырыс қатысушылары Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарау сот практикасының қорытуларын талқылады.

Сондай-ақ судьялар облыстық және оған теңестірілген соттар жасайтын қорытулардың сапасын талдау бойынша ақпаратты талқылады және мәліметке алды.

Б.Қасейінов қорытындысында жалпы отырыс жұмысы жаңа деңгейге қойылғандықтан бұл аталған органның жоғары практикалық маңызын  куәландыратынын атап көрсетті.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі