Архив событий

14/04/2016

Судьялар Одағының Атырау филиалы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14/04/2016

Атырау облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Атырау бойынша филиалы мен облыстың ірі жоғары оқу орындарының бірі Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Атырау бойынша филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев және Атырау мемлекеттік университетінің Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тұрдалиев қол қойды.

«Свобода слова» газетінде Жоғарғы Сот Аппараты Басшысы орынбасарының сұхбаты жарияланды

14/04/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев «Свобода слова» газетінің тілшісі Бота Машақоваға сұхбат берді. «Все 11 шагов Плана нации, закрепленные за Верховным судом, реализованы» атты сұхбат газеттің бүгінгі нөмірінде жарияланды.

Қарағанды қаласының Достық үйінде медиация кабинеті ашылды

14/04/2016

Қарағанды қаласыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы жанында медиация кабинеті ашылды.

Медиация кабинетінің ашылуының салтанаты рәсімі барысына Қарағанды облыстық сотының судьясы Д.Крюков, медиатор Т.Савицкая, отставкадағы судья М.Жақанова, Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшілігінің басшысының орынбасары Д.Ахашов  қатысты.