Судьялар Одағының Атырау филиалы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Атырау бойынша филиалы мен облыстың ірі жоғары оқу орындарының бірі Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Атырау бойынша филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев және Атырау мемлекеттік университетінің Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тұрдалиев қол қойды.

Іс-шараға облыстық сот судьялары, қалалық соттардың төрағалары және университет мұғалімдері қатысты.

Қол жеткізген келісім аясында тараптар сот жүйесі қызметіне кәсіби біліктілігі жоғары кадрлар даярлау бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде ниет білдірді.

Оқу орталығының басшысы Г.Нұржігітова меморандум болашақ заңгерлерді даярлауда оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылатынын айтты. Студенттер тек сот жүйесінде практикалық жұмыс тәжірибесін игеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың диплом тақырыптары бойынша материал таңдауды жүзеге асыруға зор мүмкіндік беретінін атап көрсетті.    

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі