Атырау облысы

Атырауда сот қайтыс болу туралы куәліктің күшін жойды

26/05/2016

Атырау қалалық сотында ерекше азаматтық іс қаралды.

Азаматша Е.Приданова ұзақ уақыт бойы Атырау облысының ауылдық округтердің бірінде өмір сүріп, ұзақ уақыт бойы туыстарымен араласпаған. Бірнеше жылдар өткеннен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына түскен уақытта өзінің қаза тапқандар есебінде тұрғанын білген.

Өз құқықтарын қорғау мақсатында Атырау қалалық сотына өзіне қатысты қайтыс болу туралы актілік жазбаның заңсыз деп тану туралы арызбен жүгінген.

Атырау облысының судьялары аудандық соттарда көшпелі семинарлар өткізуде

03/05/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы сот төрелігін жүзеге асыруда туындайтын жалпы мәселелер бойынша облыстың аудан орталықтарында аудандық судьялар үшін семинарлар өткізуге көшпелі жұмыс тобы бекітілген.

Облыстық соттың судьялары мен Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьсы Гаухар Ибрашевадан құрылған көшпелі топтың жұмысы Жылыой аудандық сотынан басталды.

Семинарға Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандық соттарының судьялары, аудандық прокуратура және ІІБ өкілдері қатысты.

Судьялар Одағының Атырау филиалы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14/04/2016

Атырау облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Атырау бойынша филиалы мен облыстың ірі жоғары оқу орындарының бірі Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға «Қазақстан Республикасы Судьялар одағы» РҚБ-нің Атырау бойынша филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев және Атырау мемлекеттік университетінің Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тұрдалиев қол қойды.

Атырауда сот ЖШС-нің жұмыстан заңсыз шығарылған жұмыскерін бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

30/03/2016

С.Өтебаева Атырау қалалық сотына «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС-тегі бұрынғы жұмысына қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіру жөнінде талап арызбен жүгінді.

Атырау қалалық әкімдігі жанынан медиация кабинеті ашылды

03/03/2016

Атырау қалалық соты Атырау қаласының әкімдігімен бірлесіп, әкімдік ғимаратында медиация кабинетін ашты.

Оның ашылу салтанатына Атырау облыстық сотының судьясы Г.Исемберлиева, Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов, Судьялар Одағы филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев, сондай-ақ «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ медиаторлары мен қала әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

Атырау облысында пәтерді тонаушылар сотталды

12/11/2015

Жылыой аудандық соты облыстың үш азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарында анықталғандай, 2012 жылғы  наурызда азамат Ш.Бәтімов өзінің танысы А.Хасенов екеуі Ақтөбе қаласынан Құлсары қаласына келеді. М.Өтепбергеновке жолығып «Кең-Жылыой» ықшам ауданында ауқатты адамдар тұратынын, үйлерінде аса ірі мөлшерде ақша қаражаттары мен құнды заттар сақтаулы екенін жолдастарына айтады.