Атырауда сот қайтыс болу туралы куәліктің күшін жойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында ерекше азаматтық іс қаралды.

Азаматша Е.Приданова ұзақ уақыт бойы Атырау облысының ауылдық округтердің бірінде өмір сүріп, ұзақ уақыт бойы туыстарымен араласпаған. Бірнеше жылдар өткеннен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына түскен уақытта өзінің қаза тапқандар есебінде тұрғанын білген.

Өз құқықтарын қорғау мақсатында Атырау қалалық сотына өзіне қатысты қайтыс болу туралы актілік жазбаның заңсыз деп тану туралы арызбен жүгінген.

Сот материалдарына сәйкес алты жыл бұрын жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында фотосуреттер арқылы арызданушының туыстары мәйітті Е.Приданова деп танығаны анықталды. Кейіннен арызданушының туыстарының бірі азаматша Е.Приданованы қайтыс болды деп тану туралы куәлігін алған. Алайда, сот отырысында арызданушының барлық туыстары Е.Приданованы өздерінің әпкесі, тәтесі ретінде таныған.

Жинақталған барлық дәлелдемелердің жиынтығымен сот арызданушы Е.Приданованың талабын негізді деп танып, оған қатысты қайтыс болу туралы актілік жазбаны заңсыз деп таныды.     

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: