Атырау облысының судьялары аудандық соттарда көшпелі семинарлар өткізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы сот төрелігін жүзеге асыруда туындайтын жалпы мәселелер бойынша облыстың аудан орталықтарында аудандық судьялар үшін семинарлар өткізуге көшпелі жұмыс тобы бекітілген.

Облыстық соттың судьялары мен Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьсы Гаухар Ибрашевадан құрылған көшпелі топтың жұмысы Жылыой аудандық сотынан басталды.

Семинарға Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандық соттарының судьялары, аудандық прокуратура және ІІБ өкілдері қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, жаңа Әдеп кодексінің жобасын талқылау, 2016 жылдың 1 тоқсанында тергеу судьясы атқарған жұмысты талдау, Қазақстан Республикасының АПК және Әкімшілік кодекстерін қолданудағы мәселелерін талқылау енгізілді.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева көшпелі топтың негізгі қызметі жергілікті жердегі судьяларға тәжірибелік көмек көрсету және сот төрелігін жүзеге асыруда біріңғай тәжірибені қалыптастыру болып табылатынын атап айтты.

Сонымен қатар, семинар шеңберінде соттардың БАҚ-пен өзара байланысы мәселесі талқыланды, аудандық баспасөз қызметінің жұмысы, қоғам мен БАҚ алдында сот жүйесінің имиджін көтеруді насихаттау бойынша жетістіктер аталып өтті.

Семинар барысында қатысушылар жоғарыда көрсетілген тақырыптарды талқылап, оларды бірігіп шешу жолдарын қарастырды.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі