Архив событий

26/05/2016

Астана қалалық сотында бітімгершілік рәсімдерді қолдану туралы ең үздік роликті анықтады

26/05/2016

Астана қалалық сотында «Партисипативтік рәсім бойынша үздік  ролик» және «Медиацияны өткізу бойынша үздік ролик» номинациясы бойынша Астана қаласының аудандық және оған теңестірілген соттары арасында татуластыру рәсімдерін қолданудың белсенділігін арттыру мақсатында байқау-конкурсы өтті.

Астана қалалық сотының төрағасының өкімімен құрылған комиссия құрамында судьялар Г.Рахметова, Г.Әбдіғалиева, К.Таткеева, Астана қаласы Соттар әкімшісінің басшысы Р.Тауымбеков ұсынылған бейнероликтерді байқаудан өткізді.

Атырауда сот қайтыс болу туралы куәліктің күшін жойды

26/05/2016

Атырау қалалық сотында ерекше азаматтық іс қаралды.

Азаматша Е.Приданова ұзақ уақыт бойы Атырау облысының ауылдық округтердің бірінде өмір сүріп, ұзақ уақыт бойы туыстарымен араласпаған. Бірнеше жылдар өткеннен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына түскен уақытта өзінің қаза тапқандар есебінде тұрғанын білген.

Өз құқықтарын қорғау мақсатында Атырау қалалық сотына өзіне қатысты қайтыс болу туралы актілік жазбаның заңсыз деп тану туралы арызбен жүгінген.

Алматыда профессор Рольф Книпердің 75 жас мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26/05/2016

Алматыда жыл сайынғы цивилистикалық оқылымдар шеңберінде өткізілетін профессор Рольф Книпердің 75 жас мерейтойына арналған «Азаматтық құқығындағы жарамсыз мәмілелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Петропавл қаласының соты жалақыны өндіріп алу туралы арызды қарап, татуласу келісімін бекітті

26/05/2016

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты жалақыны өндіріп алу туралы Ю.Деревянконың «Munai invest Ko» ЖШС-ге талап қою арызы бойынша татуласу келісімі туралы ұйғарым шығарды.

Ю.Деревянко «Munai invest Ко» ЖШС кәсіпорынында 2008 жылғы мамырдан 2015 жылғы қыркүйекке дейін электр дәнекерлеуші лауазымында жұмыс істеген, аталған уақыт ішінде жауапкер оған 433 369 теңге қарыз болған. Ю.Деревянко жалақысын толық көлемде өндіріп алу үшін сотқа арызымен жүгінген.

ШҚО-да пара беруге арандатулық жасағаны үшін адвокаттың көмекшісі сотталды

26/05/2016

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының № 2 сотында ірі мөлшерде алаяқтық және айтарлықтай мөлшерде пара беруге арандатулық жасағаны үшін айыпталған Л.Жуковаға қатысты қылмыстық іс қаралды.