Ақтауда сот жұмыс берушіден жұмысшының пайдасына 4 миллион теңгеден аса жалақы қарызын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотына М. есімді азамат «А» ЖШС-нан жалақысын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Сотта М-ның «А» ЖШС-інде 2015 жылғы 14 шілде мен 30 желтоқсан аралығында жұмыс жасағаны анықталды. Еңбек келісім шарты бойынша оның айлық жалақысы 1 850 000 теңгені құраған. Жалақы төлемегендіктен, талапкер 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Алайда, бүгінгі күнге дейін айлық жалақысы, есеп сомалары мен пәтер жалдауға жұмсалған төлемдер бойынша қарызы төленбеген. Жауапкер еңбек шартында жалған қолтаңба қойылғанын айтып, айлық жалақы көлемімен келіспегендіктен, сот тағайындауымен сот-қолтаңбатанушылық сараптама жасалып, оның қорытындысы бойынша еңбек шартындағы қолтаңбаны бас директордың өзі қойғаны белгілі болды. Сонымен қатар, жалақы мөлшері алдын ала төленген жартылай төлемдер мен жалақы төлемдерінің көлемімен дәлелденді.

ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 2 бөлігі 5 тармақшасының негізінде сот М.-ның талап арызын қанағаттандырды. «А» ЖШС-нан оның пайдасына айлық жалақысы, ып, жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Сотпен талап арыз қанағаттандырылып, талапкер М-ның пайдасына жауапкер «А» ЖШС-нен жалақы, есеп сомалары мен пәтерді жалға алуға жұмсалған төлемдері бойынша қарызы өндірілді. ҚР АПК-нің 243-бабының 2 тармақшасына сәйкес, сот шешімінің 4 568 787 теңге көлеміндегі үш айлық жалақысын өндіру туралы бөлігі дереу орындалуға жатады.  

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі