Солтүстік Қазақстан облыстық сотында тәлімгер судьяларға семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьяларға  тәлімгерлікті  жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Іс- шараны облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашып, сот саласында жаңадан тағайындалған судьяларға көмек көрсетудегі тәлімгерлер институтының айрықша рөлін атап өтті. Аталған институт қызметін жаңадан бастаған судьяның білікті заңгер болуына, оның кәсіптік ынтасын,   шығармашылық белсенділігін және ұжымға тез бейімделуіне үлкен әсер етеді.

Е.Атжанов тәлімгерлер білікті судьялардың, сот саласында көп жылдық  еңбек өтілі бар және судья ретінде жұмысы үшін құрметке ие болған судьялар қатарынан іріктелініп алынатындығын атап айтты.

Тәлімгерлер одағының төрағасы, облыстық соттың судьясы Гүлзия Едрисова осы ретте статистикалық деректерді мысалға келтірді. Мәселен, облыс бойынша  еңбек өтілі екі жылға дейінгі – 15,  бір жылға дейінгі – 4, үш жылға дейінгі – 30 жас судья бар, яғни, бұлар облыс бойынша барлық судьялардың үштен бірін құрайды.

Семинарда Г.Едрисова тәлімгерлерге қарата айтқан сөзінде: «Жас судьялардың барлығы Сіздердің кәсіби көмектеріңізге мұқтаж. Тәлімгерлікте, бастысы, жаңадан тағайындалған судья кеңес алу үшін кімге жүгіне алатындығын біледі.  Әрине, кей жағдайда барлық әріптер көмектесе алады, алайда, тәлімгер ең бірінші көмек көрсетуі тиіс», - деді.

№2 соттың судья-тәлімгері Нұрия Малдыбаева тәлімгерлікті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерге тоқталды. Тәлімгерлік ұйымдастыру бойынша мамандандырылған экономикалық соттың судьясы Серікбол Сапарғалиев баяндады.

Семинар барысында қатысушылар судьяның жұмыс күнін ұйымдастыруы, сот процесін жүргізу, отандық заңнаманы және  халықаралық нормативтік құқықтық актілердің қолдануын және басқа да мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында  тәлімгерлерге  тәлімгерлікті жүзеге асыру бойынша нақты  ұсынымдар берілді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі