Архив событий

15/03/2017

Әділдік – құқықтық қорғаудың басты критерийі

15/03/2017

Жоғарғы Сотта «Әділдік – құқықтық қорғаудың басты критерийі» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс тобының кезекті кеңесі өтті.

Кеңеске Жоғарғы Соттың судьялары Н.Сисенова мен Н.Сұлтанов, ЕуроОдақтың ұлттық сарапшысы Н.Ерғалиева, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Ақтөбе облыстық сотында тергеу судьялары арасында семинар сабағы өткізілді

15/03/2017

Семинар сабағы тергеу судьялары жұмыстарының сапасын жақсарту, сонымен қатар, тергеу соттарының құзыретіне жататын мәселелерді қарау бойынша бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында  өткізілді.

Петропавл қаласының судьялары Ішкі істер департаментінің қызметкерлері үшін семинар өткізді

15/03/2017

Петропавл қаласының судьялары Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде семинар өткізіп, оның барысында Мемлекет басшысының Жолдауда және Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қойған міндеттерді жүзеге асыру аясындағы сот жүйесінің түбегейлі өзгеруі туралы баяндады.

Семинарға облыстық және әкімшілік соттардың судьялары, Петропавл қаласының прокуроры А.Трикачев, облыстың ішкі істер департаменті бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Атырауда сот жеке кәсіпкердің құқықтарын қорғады

15/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотында талап қоюшы «Жылыой ауданы әкімі аппараты» ММ-нің жеке кәсіпкер «Тимур и А» Л.Уалиеваға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қою талабының негіздемесі ретінде жауапкер тауарды жеткізуге міндеттелгенін, алайда өз міндеттерін  уақытында орындамағанын көрсетті.

Іс құжаттарына сәйкес, тауардың мерзімінен кеш жеткізілгендігі анықталды.

Пікірлер мен ұсыныстар