Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жас судьяларға арналған семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар жұмысына қызмет өтілі 2 жылға дейінгі жас судьялар қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов аша отырып, сот төрелігін сапалы іске асыру – құқықтық реформа аясындағы республикалық соттарды жаңғыртуды анықтайтын, сот жүйесін жетілдіретін басты басымдылығы болып табылатындығын атап айтты.

«Сот жүйесінде соттардың кәсіби деңгейін жетілдіретін жүйелі және едәуір сәтті моделі қызмет етеді. Бізде тәлімгерлік институты дамыған, Оқу орталығы жұмыс істеуде, Судьялар одағының филиалы қызмет етеді, яғни судьялардың сот төрелігін іске асыруына барлық жағдайлар жасалған»,- деп айтты Б.Қасейінов.    

Облыстық соттың судьясы, Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Гулзия Ыдырысова сот процесін өткізу мәдениеті туралы айта келе, оның деңгейі - білімімен, білгірлігімен, сауатты жаза білу, икемді сөйлеу, өзін ұстай білу ептілігімен және әрине заңдарды кәсіби қолдана білуімен анықталады, - деп атап айтты. 

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Айгүл Ақпанова сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жазаға тарту тәртібіне тоқталып өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырыстарының аудиобейне жазбаларын көрді.

Семинар соңында жиналғандар жаңадан сайланған судьялардың сот актілерін рецензиялау қорытындыларын талқылады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі