жас судья

Алматыда жас судьялар шығармашылық сала зиялыларының өкілдерімен кездесті

27/06/2018

Алматы қалалық сотында жас судьялардың шығармашылық сала зиялыларының өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов, сот жүйесінің ардагері, ҚР құрметті судьясы  Болат Тохметов, ҚазССР халық артісі Сәбит Оразбаев, жазушы Зейнеп Бауыржанкеліні, қоғам қайраткері, профессор Асылы Осман және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы, профессор Дәулет Байдельдинов қатысты.

Павлодар облыстық соты судьялыққа үміткерлер үшін рөлдік семинар-тренинг өткізді

16/05/2017

Семинар өндірістен ажырамай төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтіп жатқан судьялыққа үміткерлерге бағытталған.

Оқу Ұлт Жоспарының судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизімі мен біліктілік талаптарын қатайту бойынша қадамын іске асыру   шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар сот процесін көрсету -  рөлдік ойын нысанында өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жас судьяларға арналған семинар-тренинг өтті

12/05/2017

Семинар жұмысына қызмет өтілі 2 жылға дейінгі жас судьялар қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов аша отырып, сот төрелігін сапалы іске асыру – құқықтық реформа аясындағы республикалық соттарды жаңғыртуды анықтайтын, сот жүйесін жетілдіретін басты басымдылығы болып табылатындығын атап айтты.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов жас судьялармен кездеcті

03/04/2017

Кәсіби деңгейді және біліктілікті көтеру мақсатында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов 3 жылдық судьялық өтілі бар жас судьялармен кездесу өткізді.

Іс-шараға сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судья әдебі жөніндегі комиссиясының өкілдері, жас судьяларқатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында тәлімгер судьяларға семинар өткізілді

31/03/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьяларға  тәлімгерлікті  жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Іс- шараны облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашып, сот саласында жаңадан тағайындалған судьяларға көмек көрсетудегі тәлімгерлер институтының айрықша рөлін атап өтті. Аталған институт қызметін жаңадан бастаған судьяның білікті заңгер болуына, оның кәсіптік ынтасын,   шығармашылық белсенділігін және ұжымға тез бейімделуіне үлкен әсер етеді.

Атырауда Жас судьялар кеңесі мен колледж студенттері көрнекі сот отырысын өткізді

17/03/2017

Атырау облыстық сотында Жас судьялар кеңесі мен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі құқықтану мамандығының студенттерінің  бірлескен іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл күні облыстық соттың сот мәжілісі залында болашақ заңгерлер, мән-жайын өздері құрастырып шыққан қылмыстық іс бойынша оқу-қойылымдық сот процесін өткізді. Судья, прокурор, адвокат, сот приставы, сотталушы, жәбірленуші, куәлер рөлінде студенттердің өздері ойнады.