Атырауда Жас судьялар кеңесі мен колледж студенттері көрнекі сот отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Жас судьялар кеңесі мен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі құқықтану мамандығының студенттерінің  бірлескен іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл күні облыстық соттың сот мәжілісі залында болашақ заңгерлер, мән-жайын өздері құрастырып шыққан қылмыстық іс бойынша оқу-қойылымдық сот процесін өткізді. Судья, прокурор, адвокат, сот приставы, сотталушы, жәбірленуші, куәлер рөлінде студенттердің өздері ойнады.

Жас актерлердің өнеріне қатардағы жас судьялар З.Хамидуллина, Ж.Хабаров, Г.Турганова әділқазылық етіп, оң бағаларын берді. Олар студенттерді бірінші саты сотында қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот өндірістерін жүргізу тәртібімен толығырақ таныстырып өтті. Судьялар мен студенттердің кездесуі «сұрақ-жауап» форматында жалғасты. Студенттер судьялардың жеке және қызметтік өмірлеріне қызығушылық танытты, өз кезегінде судьялар нақты жауаптар беріп, судьялық өмірлеріндегі қызықты сәттерімен бөлісті. Судьялар болашақ әріптестерінің назарына ел Конституциясындағы соңғы өзгерістерді, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын және кейбір іс санаттары бойынша сотқа дейінгі дауды міндетті түрде медиация тәртібімен реттеу туралы заң жобасы туралы түсіндірді.

Шара соңында студенттер облыстық соттың мұражайын аралап, Қазақстандағы сот жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі