Павлодар облыстық соты судьялыққа үміткерлер үшін рөлдік семинар-тренинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинар өндірістен ажырамай төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтіп жатқан судьялыққа үміткерлерге бағытталған.

Оқу Ұлт Жоспарының судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизімі мен біліктілік талаптарын қатайту бойынша қадамын іске асыру   шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар сот процесін көрсету -  рөлдік ойын нысанында өткізілді.

Сарапшылар ретінде облыстық соттың судьялары  сөз сөйледі. Олар тапсырма үшін түрлі қиын жағдайларды құрастырды: бұқаралық ақпарат құралдарының процеске қатысуы туралы тараптардың өтінішхаты, сотты құрметтемеушілік элементтері, процесте дыбыс және бейне түсірілімін жүргізу туралы өтінішхат. Тренинг өткізу барысында тағылымдамадан өтушілер сот отырысын жүргізу техникасымен, сондай-ақ адамдарды әкімшілік және басқа да жауапкершілікке тарту тәртібімен танысты.

Сарапшылар тағылымдамадан өтушілерге жіберілген кемшіліктерді түсіндіріп, судьяның сыртқы келбетіне деген талаптарын сақтауға, сот процесін ұйымдастырып, дайындықты дұрыс өткізуді, қолданыстағы заңнаманы зерделеуге, әрдайым өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға ұсынылды.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүдделерін қатаң сақтау, заң үстемдігі, қоғамда тұрақтылық сенімін қамтамасыз ету бойынша міндеттері қойылатын жоғары кәсіби корпусын құруға ерекше назар аударылды.      

Қайнар: 
Пресс-служба Павлодарского областного суда