Шығыс Қазақстан облыстық сотында жас судьялардың кәсіби қызметіне оң баға берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жас судьяларға қатысты, кімнің кәсіби қызметі Сот жюриіне бағалауға жарайтындығы жөнінде қорытынды баға беруге арналған пленарлық отырыс өтті.

Досжан Әміров өз сөзінде, Қазақстан Республикасының  Конституциялық «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Заңының 30-1 бабына сәйкес, судьялардың кәсіби біліктілігін бағалауда олардың кәсіби білімділігі және сол білімді сот төрелігін  жүргізуде қолдана білуіне баға берілетіндігін атап өтті. Судьялардың кәсіби қызметін бағалау алғаш рет, сот корпусы құрамының сапасын арттыру, кәсіби мамандану деңгейін ілгерілендіру, істерді қараудағы жауапкершілікті арттыру мақсатында  судья лауазымында атқарған бір жылдық қызметінің нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Пленарлық отырыс барысында бес судьяның кәсіби қызметі, сот төрелігін атқару сапасының көрсеткіштері, еңбек тәртібін және  судьялық әдеп талаптарын сақтаулары талқыланып, олардың тәлімгерлерінің пікірлері тыңдалды.

Пленарлық отырыс барлық бес жас судьялар қызметіне Сот Жюриінде кәсіби қызметін бағалау алдындағы кезеңде өзінің  оң бағасын берді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі