Шығыс Қазақстан облысында 17 сот фронт-кеңсесі ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскеменнің мамандандырылған әкімшілік сотында фронт-кеңсе ашылды. Ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және әкімшілік соттың төрағасы Сайран Ибраев қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік істердің ең көбін қарайды. Өткен кезеңде осындай істердің саны 12 мыңнан асты. Фронт-кеңсенің ашылуы дер кезінде іске асқан әрі қажетті шешім болды. 

Өңірде 16 фронт-кеңсе ашылған, соның ішінде мұндай кеңсе облыстық сотта да жұмыс істейді. Фронт-кеңселер мемлекеттік қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттары ескеріле отырып озық технологиялық инфрақұрылыммен жабдықталған. 

«Азаматтар сотқа келіп, өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін барынша қысқа мерзімде толық қорғау мүмкіндігіне ие болуы үшін оларға қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Біз фронт-кеңселер жұмысының тиімді болуын үнемі бақылап отырамыз. Бұл үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау, ұсыныстар мен ескертулерді зерделеу мақсатында келушілер арасында жасырын сауалнама жүргізіледі», - деп атап өтті  Н.Қайырбеков.

 

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі