Шығыс Қазақстан облыстық соты банктермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «АТФ Банк», «Форте Банк» және «Еуразиялық банк» АҚ филиалдарының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іс-шара «Банк қарызы шарттарынан туындайтын дауларды  сотқа дейін  реттеу» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Д. Әбдіғалиев өз сөзінде сот жүйесін жаңғырту, аз ғана уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсетіп отырған дауларды реттеудің жаңа институттарын енгізу туралы айтып берді. Бітімгершілік рәсімдерін дамытудың келешегі бар бағыттарының бірі Банк омбудсмені болып табылады. Статистика бойынша, азаматтық сот дауларының едәуір бөлігін (17,5%) қарыз алушылардан және кепілгерлерден (жеке тұлғалардан) кепілге салынған мүліктен өндіріп алу туралы талап қою арыздарын құрайды.

Алқа төрағасы банк дауларын шешуге қатысты бітімгершілік рәсімдерді дамытудың өзектілігі мен келешегін атап өтті. Оның айтуынша, республика соттары өткен кезеңде банктік қарыз шарттарына байланысты 88 мыңға жуық талап қою арызын қарады, оның ішінде тараптардың татуласуының нәтижесінде 4 700 іс тоқтатылды. Яғни осы істер сотқа жүгінбестен сотқа дейінгі тәртіппен шешілді.

Осы ретте, алқа төрағасы Шығыс Қазақстандағы банктер филиалдары басшыларының республикада бірінші болып үн қатып, банк дауларын сотқа дейінгі реттеу саласындағы ынтымақтастыққа келісім білдіргенін ерекше атап өтті.

Тараптар осы бағыттағы жұмыстың келешегі кемел болатынына әрі алдағы уақытта өзінің тиімділігін байқататынына сенім білдірді.     

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі