Архив событий

07/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

07/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов брифинг өткізіп, облыс соттарының 2016 жылы сот төрелігін атқару бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары мен еліміздің сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Батыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті

07/02/2017

Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында азаматтық істерді қарауға мамандандырылған Орал қалалық №2 сотында болды. Мәжіліс депутаты өңірдің судьялар корпусына өзін таныстырып, облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжановтың қатысуымен Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізіп, Президент, Үкімет және Парламент арасындағы билік өкілеттіліктерін қайта бөлудің мақсаттары туралы айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады

07/02/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  атты Жолдауын талқылау мақсатында жұмыс кеңесін өткізді.