Архив событий

13/02/2017

Конституциялық Кеңес соттың ұсынысы бойынша республиканың шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидасын заңға сәйкестендіру туралы ұсыным берді

13/02/2017

Қарағанды облысының Теміртау қалалық соты Конституциялық Кеңеске Үкіметтің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидасының (бұдан әрі – Қағида) Конституциялық екенін тексеру туралы ұсыныспен жүгінген.

Конституциялық Кеңес соттың ұсынысын қарап, төмендегілерді анықтады.

Жоғарғы Соттың судьясы А.Смайлов жергілікті соттардың судьяларына бейнебайланыс арқылы дәріс оқыды

13/02/2017

Жоғарғы Соттың судьясы Асқар Смайлов «Шартты (мәмілені) жасасу, өзгерту, бұзу және шарттық міндеттемелерді орындаумен байланысты даулар» тақырыбында жергілікті соттар судьялары үшін дәріс оқыды.

 Дәріс Жоғарғы Соттың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы судьяларды қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті.

Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьялары да дәріс оқыды.