Жоғарғы Соттың судьясы А.Смайлов жергілікті соттардың судьяларына бейнебайланыс арқылы дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьясы Асқар Смайлов «Шартты (мәмілені) жасасу, өзгерту, бұзу және шарттық міндеттемелерді орындаумен байланысты даулар» тақырыбында жергілікті соттар судьялары үшін дәріс оқыды.

 Дәріс Жоғарғы Соттың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы судьяларды қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті.

Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьялары да дәріс оқыды.

Дәріс барысында шартты (мәмілені) жасасу, өзгерту, бұзу және шарттық қарыз бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты, соның ішінде жеке тұлғалар арасындағы, сату-сатып алу шарты бойынша, сондай-ақ үлестік құрылыс бағытындағы даулар талқыланды. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың 2016 жылғы 7 шілдедегі «Мәмілелер жарамсыздығының кейбір мәселелері мен олардың жарамсыздық салдарын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысын қолданудың жекелеген мәселелері де талқыға түсті.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі