Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов жас судьялармен кездеcті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәсіби деңгейді және біліктілікті көтеру мақсатында Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов 3 жылдық судьялық өтілі бар жас судьялармен кездесу өткізді.

Іс-шараға сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судья әдебі жөніндегі комиссиясының өкілдері, жас судьяларқатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы судьяның кәсіби қызметін бағалау судья лауазымындағы бір жылдық нәтижелері бойынша Жаңаөзен қалалық сотының судьясы Д.Тұрсынбаев пен Мұнайлы аудандық сотының судьясы Б.Серіктің оң қорытынды алғандығын айтып,  жас судьяларға сот төрелігін жүзеге асыру үшін заңды жетік  білу, сот отырысын дұрыс ұйымдастыра білудің өте қажет екенін түсіндірді. Бұл мәселені шешуде тәлімгерлік және менторлық жүйесі көмектесетіндігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Ж.Аланов судьялардың VII съезінде Мемлекет басшысы алға қойған және Жоғарғы Сот төрағасы анықтаған міндеттерге ерекше назар аударып, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда судья әдебі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажет екендігін ескертті. 

Сот төрағасы жас судьялар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі