Архив событий

01/03/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы жаңадан тағайындалған судьялармен таныстырды

01/03/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Хромтау, Ойыл және Темір аудандық соттарын аралап, аудандардың активінің қатысуымен жұртшылықпен кездесу өткізіп, Президентінің Жарлығымен жаңадан тағайындалған аудандық сот төрағалары мен облыстық соттың судьясын таныстырды.

Ол Зинаида Шмированың Ақтөбе облыстық соттың судьясы, Темір аудандық сотының төрағасы - Нұрлан Бақтығалиев, Ойыл аудандық сотының төрайымы - Сәуле Танимова  және Хромтау аудандық сотының төрағасы болып Айсұлтан Балмұхановтың тағайындалғанын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары сот санкциясының проблемалық сұрақтарын талқылады

01/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот санкциясының проблемалық сұрақтарын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, прокуратура, адвокаттар алқасының, ШҚО ІІД тергеу басқармасының өкілдері қатысты.

Қ.Чакпантаев өз сөзінде, Ұлт Жоспарының 22 қадамын іске асыру:  азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық тергеу   әрекеттерін санкциялау бойынша тергеу судьясының өкілеттілігіне сатылы түрде беруді атады.

Пікірлер мен ұсыныстар