Қостанай облысының екі аудандық сотында жаңа төраға тағайындалды
Облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Таран және Наурызым аудандарының активіне аудандық соттардың жаңадан тағайындалған төрағалары - Сабыр Тажкенов мен Серік Әміровпен таныстырылды.
«Төрағалар - өз ісінің мамандары. Жаңа қызметте де олар әділдік пен заңдылық жолындағы қажырлы еңбегін жалғастыратындықтарына сенімдімін,- деді А.Мерғалиев. Олар ұзақ жылдар сот жүйесінде еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған мамандар, теориялық және кәсіби біліктілігін бағалаған аттестациялық комиссияның оң бағасын алған судьялар.