Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағалары Тасқала және Шыңғырлау аудандарының активтерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың алқа төрағалары Бақытбек Бегалиев және Мирамбек Нағашыбаев  Тасқала, Шыңғырлау аудандарында болған жұмыс сапарларында мемлекеттік мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшыларымен, кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.
Тасқала ауданында болған кездесуде Б. Бегалиев Жоғарғы Соттың даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын енгізгенін хабарлады. Спикер, жаңа жобаның артықшылықтарын түсіндіріп, қатысушыларға  оны іске асыру үшін бірігіп жұмыстануды ұсынды. "Бітімгершілік рәсімдердің тиімділігін және пайдасын, азаматтардың даулы жағдайларды сотқа дейін тәртіпте, яғни талап-арыздарды сот органдарына жібергенге дейін шешу мүмкіндігін түсіндіру қажет", - деді Б.Бегалиев.
Кездесудің басқа да қатысушылары медиацияны қолдану аясын одан әрі кеңейту қажеттігі туралы айтты. Олардың айтуынша, қоғам арасында көптеген қақтығыстар орын алуда, әдетте олардың барлығын бірдей қатысушылардың өздері шешуі мүмкін емес, сондықтан әрбір адам  қоғамдағы жанжалдарды азайтуға барынша күш салуы керек.

Шыңғырлау ауданында өткен кездесу барысында М.Нағашыбаев қылмыстық сот ісін жүргізуде ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдану, заң сауаттылығы деңгейін өсіру және бітімгершілік рәсімдердің тиімділігін арттыру үшін халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Спикер сот жүйесіне бітімгерлік рәсімдері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотпен қорғау сапасын жақсарту үшін қажет екенін атады. Медиация институты белсенді дамуы үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері медиацияны істі тергеу барысында қолдана бастауы қажет ал, ол үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері және медиаторлар арасында өзара тығыз қарым-қатынас талап етіледі.

Шара барысында қатысушыларға қылмыстық процесте ҚР «Медиация туралы» Заңын қолданудың тәртібі мен шарттары және татуласуға байланысты медиация тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатудың сот тәжірибесі түсіндірілді.

"Дөңгелек үстелде" қатысушылар жоғарыда аталған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрақты түрде өзара іс-қимыл қажеттігі туралы пікірге келіп, қылмыстық іс жүргізуде медиацияны дамыту бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі