Архив событий

30/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сақтандыру туралы дауларды қарау мәселелері талқыланды

30/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Сақтандыру туралы заңнаманы қолдану арқылы дауларды қараудың сот практикасы» тақырыбында Жоғарғы Сот пен Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамы (GIZ) бірлесе ұйымдастырған халықаралық  семинар өз жұмысын бастады.

Маңғыстау облысында сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

30/03/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «МАЭК-Казатомпром» ЖШС жауапкер «ЖЭК-6 Актау» ЖШС-нен қарыз ақшаны және айыпақы сомаларын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Қарағанды облысының сотында лауазымды тұлғаны пара алғаны және алаяқтық үшін соттады

30/03/2017

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-б. (алаяқтық) 1-бөлім, 366-б. (пара алу) 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасау А. азаматқа қарсы қылмыстық іс қаралды.

О, лауазымды тұлға бола тұра делдал арқылы мердігер ұйымының директорынан Шахтинск қаласының кейбір үйлеріне жылу желілерін ағымдық жалғау, жөңдеу жұмыстарын жүргізуге ұтып алынған тендерден 10% пайыздық қайтарым түрінде қомақы сома пара алды.

Павлодарда сот қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің әрекетін заңсыз деп танып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтың кезегін қалпына келтірді

30/03/2017

Павлодар қалалық сотына азамат Ш. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегінің есебін сақтау бойынша комиссия шешімінің кезекке қоюдан бас тарту бөлігінің күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтінішпен жүгінді.

Петропавлда медиацияның дамуы талқыланды

30/03/2017

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйі ғимаратында «Дауларды және жан-жалдарды шешуге арналған медиация негіздері. Міндетті сотқа дейінгі реттеу» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Тәжірибелік семинар спикері болып «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД экономикалық сотының халықаралық делдалы, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Жангелді Жақыпов сөз сөйледі.