Маңғыстау облыстық сотында қайта тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов қайта тағайындалған судьяларды таныстырды.

Президентінің Жарлығымен Б.Тоқбаев Мұнайлы аудандық сотының, Қ.Бозшағұлов Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының және М.Жұмаева Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, осы Жарлықпен Ш.Есбағанбетов Маңғыстау  облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Осыдан кейін Ж.Аланов Елбасы Жарлығымен Түпқараған аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған Н.Тұржановты аудандық әкімдікте көпшілікке таныстырды.

Маңғыстау облысының сот корпусы азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Марат Сабырбаевты салтанатты түрде отставкаға шығарып салды. Салтанатты жиын барысында оның атына сот жүйесінің ардагерлері тарапынан көптеген жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды. Сонымен қатар, облыс прокурорының орынбасары және қала прокуроры, Әділет басқармасының, ішкі істер департаментінің басшылары да құттықтап, М.Сабырбаевқа «Батыр шапағаты» медалін тағып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі