Құрылыс салушы мен үлескер арасындағы дау медиация жолымен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үлескер құрылыс салушыға талап қою арызымен сотқа жүгінді және  үлескерлік қатысу шарты бойынша 13 696 250 теңге берешекті өндіріп беруді сұрады.

2017 жылы тараптар арасында үлескерлік қатысу шарты жасасылған болатын, оның шарты бойынша құрылыс салушы Ақтау тұрғын үй кешенінде 3 бөлмелі пәтерді салуға және үлескерге сатуға міндеттенген. Үлескер шарт бойынша өз міндеттемесін адал орындап шыққан,  өзінің барлық жинақтарын сала отырып, 13 696 250 теңге мөлшеріндегі төлемін толығымен жүргізген.

Алайда құрылыс салушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және үлескерге пәтерді ескертілген мерзімде бере алмаған. Үлескердің ақшаны қайтарып бер деген өтінішіне еш құлақ аспаған. Сөйтіп құрылыс салушының кінәсі бойынша жәбірленуші отбасының жалдамалы пәтелерді жағалап жүруіне тура келген. Соның салдарынан үлескер бәрінен жұрдай болып, соңғы үмітпен сотқа жүгінген 

Судья құрылыс салушы компанияның өкіліне  Конституцияның нормаларына сәйкес Казақстан Республикасында жоғары құндылықтар адамның құқықтары мен бостандықтары болып табылатынын  түсіндірген, сондықтан қабылданған міндеттемелер орындалуға тиіс. 

Құрылыс салушы міндеттемелерді орындаудан жалтарудың дұрыс еместігін,  құқық бұзушылық және үлкен қателік болып табылатынын сезініп, ақшаны ең қысқа мерзімде қайтарып беруге әзір екенін мәлім еткен, істің бейбіт жолмен шешілуіне ықпал етуді соттан сұраған.

Тараптар медиативтік келісімге келген, оның шарттары бойынша құрылыс компаниясы  15 күн ішінде берешек сомасын толық көлемінде қайтарып беруге міндеттенген. Медиативтік келісімді сот бекітті және ол заңды күшіне енді.    

              

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі