Архив событий

07/10/2019

Көкшетау қалалық сотында, әкімшілік және тергеу соттарында фронт-кеңсе ашылды

07/10/2019

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері мен судьялар қатысты.

Қ.Идырысов қатысушыларды құттықтай келіп, фронт-кеңсенің азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін маңызды екенін атап өтті.

Арқалық қалалық сотында Торғай облыстық сотының алғашқы төрағасы Нұрхан Шәкіровті еске алуға арналған ескерткіш тақта ашылды

07/10/2019

Мемориалдық тақта Торғай облыстық сотының алғашқы төрағасы Нұрхан Шәкіров пен оның орынбасарлары Николай Мутья мен Дастан Таласбаевтың құрметіне ашылды. Олардың сан жылдар бойғы жұмысы қызметтік міндеттерін мінсіз орындаудың шынайы үлгісі болып табылады.