Архив событий

09/10/2019

Зәуреш Баймолдина - Сот төрелігі академиясының жаңа ректоры

09/10/2019

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамына жаңа ректорды таныстырды. Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Зәуреш Баймолдина ректор болды.

«Зәуреш Хамитқызы ғылыми және академиялық ортада мол тәжірибеге ие, мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды», - деді                    А. Қыдырбаева жаңа ректорды таныстыра келіп.

Дауларда ымыраға келе отырып

09/10/2019

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заңды тұлғалар арасындағы 13 миллион теңгеден асатын кезекті дауды қарады.

Жеке кәсіпкер ЖШС-ға тауарды жеткізу шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін 12 553 315 теңге өндіріп алу және 1 079 097 теңге айыппұл салу туралы талап қойып, сотқа жүгінді.

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты бұрынғы ерлі-зайыптылардың бірлесіп сатып алған мүлікті бөлу туралы талап қою арызын қабылдады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков азаматтарды қабылдады

09/10/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков «TrueConf» мобильдік қосымшасы және бейнеконференцбайланыс арқылы азаматтарды қабылдады.

«TrueConf» алыстағы аймақтағы азаматтарға сот ғимаратына келмей-ақ гаджет арқылы облыстық соттың төрағасымен нақты уақытта байланысып, қызығушылық тудырған сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік береді. Төраға аудандық және қалалық соттардың ғимараттарына келген азаматтарды бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы тыңдады.

Ақтөбеде медиация кабинеті ашылды

09/10/2019

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасында еңбек дауларын медиациялау кабинеті салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға судьялар, медиаторлар және еңбек инспекторлары қатысты.

Медиация кеңсесі халыққа еңбек даулары мен жанжалдарды соттан тыс реттеу бойынша қызметтерді ұсыну мақсатында ашылды. Ақтөбе қалалық сотының төрағасы Қанат Сембековтің айтуынша кабинет қызметкерлерінің қызметі еңбек ұжымдарындағы жанжалдың деңгейін төмендетеді.