Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков «TrueConf» мобильдік қосымшасы және бейнеконференцбайланыс арқылы азаматтарды қабылдады.

«TrueConf» алыстағы аймақтағы азаматтарға сот ғимаратына келмей-ақ гаджет арқылы облыстық соттың төрағасымен нақты уақытта байланысып, қызығушылық тудырған сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік береді. Төраға аудандық және қалалық соттардың ғимараттарына келген азаматтарды бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы тыңдады.

Ол осылайша Ұлан, Үржар, Абай, Зайсан, Жарма, Бородулиха, аудандарының, Алтай өңірінің, Семей және Риддер қалаларының 12 тұрғынын қабылдады. Олар несиелік серіктестікке қатысты дауларға, сот шешімдерін орындауға, татуласу рәсімдері мен қылмыстық істерге қатысты сұрақтар қойды. 

Сонымен, сот дауына қатысушы әрі медиаторлардың бірі Абай және Бородулиха аудандық соттарының судьяларына істі объективті түрде қарағаны, өңірде медиация институтын дамыту бойынша белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сот төрағасы азаматтық процестік заңға өзгертулер енгізу туралы өтініш білдірген азаматтарға нотариустардың атқару жазбаларын орындауы және сот орындаушыларының шешімдерін бекіту туралы хабарлады.

Сол күні облыстық соттың төрағасы Telegram веб-мессенджері арқылы интернет-конференция өткізді. Осылайша, өңір тұрғындары облыстық соттың төрағасына тікелей сұрақтар қойып, оларға жедел жауап алуға мүмкіндік алды. Интернет-конференция аясында құқық қолдану мен дауларды медиация арқылы шешудің жолдары бойынша 7 сұрақ түсті.

Н.Қайырбеков азаматтарға сот төрелігін жүзеге асырудағы судьялардың тәуелсіздігі туралы заңның талаптарын және сот актілерін жоғары сатыдағы сотқа шағымдау тәртібін түсіндірді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі