Архив событий

04/10/2019

Жоғарғы Сот өткен кезеңде азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы туралы мәселені талқылады

04/10/2019

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов жергілікті соттармен 2019 жылдың 9 айындағы жұмыстың қорытындылары бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын талқылау жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңестің жұмысына Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, жергілікті соттардың азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары, бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен азаматтық істерді қарайтын судьялары қатысты.

Алматыда жыл сайынғы қазақстандық заң форумы өтті

04/10/2019

Форумның жұмысына Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева және Жоғарғы Соттың судьясы Гүлжан Әлмағамбетова, «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, салалық министрліктердің, Қазақстан мен ТМД-ның жетекші 100 компаниясының және жетекші заң фирмаларының өкілдері қатысты.