Архив событий

01/10/2019

Билер кеңесі татуластыру жөніндегі қызметтерін жандандыра түсті

01/10/2019

Қызылорда облысы Билер кеңесінің төрағасы Зейнолла Нұрсейітов Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесті. Мұндай кездесулер Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған, Қармақшы және Қазалы аудандарында да өтті.

Кездесулерге Билер кеңесінің мүшесі Болатбек Пусурманов, Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы, аудандық соттың төрағасы Марат Күздеубаев, аудандық Билер кеңесінің төрағасы Тұрмат Баймағанбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, медиаторлар, ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңестердің өкілдері, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Ақтөбеде облыстық соттың бұрынғы төрағасы И.Әміровтің құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу болды

01/10/2019

Ақтөбе облыстық сотының ғимараты алдында облыстық соттың бұрынғы төрағасы Иран Әміровтің ескерткіш тақтасының салтанатты түрде ашылуы болды. Оны Жоғарғы Соттың отставкаағы судьясы Айсұлу Шайкенова мен облыстың кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Нұрлыбек Ормаханов өткізді.

Танымал мемлекет және қоғам қайраткерін еске алуға Ақтөбенің әкімі  Мавр Абдуллин, сот жүйесінің ардагерлері, судьялар, Иран Әмірұлының туыстары мен әріптестері жиналды.