Көкшетау қалалық сотында, әкімшілік және тергеу соттарында фронт-кеңсе ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері мен судьялар қатысты.

Қ.Идырысов қатысушыларды құттықтай келіп, фронт-кеңсенің азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін маңызды екенін атап өтті.

Д.Әміровтың айтуынша, фронт-кеңсе азаматтарға көрсетілетін сот қызметі мен қызметтердің сапасын жақсартады, сондай-ақ сот жұмысын оңтайлы ұйымдастырады және сотқа келушілерге қолайлы жағдай туғызады. 

Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шакуанов фронт-кеңсенің практикалық жұмысы туралы айта келіп, оның қызметінің соттардың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Кезекші кеңсе сотқа келушілерге ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайларды жасайды.

Кеңсе қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда сотқа арыздар мен өтінішхаттарды қарау және беру тәртібі, істерді қарау және материалдардың қаралуы мен қаралу барысы, сот отырыстарының уақыты, кіріс почтасы және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары туралы ақпарат беретін ақпараттық орталық орналасқан.

Медиаторлар мен адвокаттар үшін жеке кабинеттер жабдықталған. Азаматтардың барынша қолжетімділігін және тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін жаңғырту аясында республика соттарының қызметі одан әрі жетілдіріле түсуде, сондай-ақ сот ісін жүргізуде жаңа технологиялар енгізілуде.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі