Ақмола облыстық соты

Әл-Фараби - әлемдік өркениеттің ойшылы және оның мұрасы туралы

26/06/2020

Ақмола облыстық соты А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп «Әл-Фараби - әлемдік өркениеттің ойшылы және оның мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізді.

Онлайн-форум Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды. Оған қатысушылар ұлы ғұламаның философиялық жұмыстары мен «Адамгершілігі мол қала тұрғындарының көзқарасы» атты трактатын талқылап, оның әлем, қоғам, мемлекет және адами қатынастар туралы озық көзқарастары мен пікірлерін атап өтті.

Ақмола облыстық сотында сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды

02/03/2020

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік тілдің рөлі мен маңызы туралы конференция өткізіп, сот ісін жүргізуде тіл туралы заңнаманың нормаларын толыққанды қолдануға кедергі келтіретін түйткіл мәселелерді талқылады.

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Үш би» монументі ашылды

20/12/2019

Бурабай аудандық соты ғимаратының жанында өткен «Үш би» монументін салтанатты түрде ашу рәсіміне аудан тұрғындары, сот жүйесінің, әкімдіктің, мәслихаттың, құқық қорғау органдарының, жергілікті мемлекеттік мекемелердің, бизнес құрылымдарының өкілдері, еңбек және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров сөз сөйлеп, бірлігі жоқ халықтың өмір сүруі мүмкін емес екенін, ал данасы жоқ елдің дамымайтынын айта келіп, монументті ашудың осындай мақсатты көздейтінін атап өтті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д. Әміров өңірдің сегіз ауданының тұрғындарымен кездесті

28/11/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров аудандардың тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді.  Ол Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Аршалы, Целиноград, Қорғалжын, Біржан сал аудандарында және Степногорск қаласында болып, Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауының ережелерін түсіндіріп, заңнама мен сот жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Көкшетау қалалық сотында болды

22/11/2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотында болды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қонақтарға соттың фронт-кеңсесін таныстырып, халықпен жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстары мен татуластыру рәсімдерін кеңінен іске асыру туралы айтып,  аудио-, бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдарын көрсетті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді

18/11/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Полиция департаментінде тергеу және анықтау, криминалдық полиция бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ департамент бөлімдерінің бастықтарымен семинар-кеңес өткізді.

Кездесуге өңірдегі ПД бастығының орынбасары Медет Бердімұратов, облыс прокурорының орынбасары Владимир Малахов, қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы және облыстық соттың судьясы Раджаб Даминов пен Әскербек Жакулин, Көкшетау тергеу сотының төрағасы мен судьясы Ілияс Кәкім және Арман Жақыпов қатысты.

Парламент Сенатының депутаты Л.Сүлеймен Ақмола облысының соттарына барды

14/11/2019

Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен "Медиация туралы" Заңды іске асыру бойынша Ақмола облысы соттарының қызметімен танысты.

Ақмола облысының соттары мен құқық қорғау органдары қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады

31/10/2019

Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Раджаб Даминов «дөңгелек үстел» өткізді. Оның барысында осы іс-шараға қатысушылар қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, соттың алдын алу қызметі мен жеке қаулылардың рөлі туралы мәселелер талқыланды. 

Кездесуге прокуратура, ҰҚК департаменттері, экономикалық тергеу қызметінің, полицияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның өкілдері қатысты.

Щучинск қаласында көше Қанай би деп аталды

21/10/2019

Щучинск қаласында қала көшелерінің біріне еліміздің 18-ші ғасырдағы қоғам және мемлекет қайраткері Қанай бидің есімін беруге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатқа аудан тұрғындары, Ақмола облыстық сотының, әкімдіктердің, мәслихаттардың, бизнес құрылымдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, прокуратураның, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті еңбек және сот ардагерлері, Қанай бидің ұрпақтары қатысты. Осы іс-шара облыстағы айтулы оқиғалардың бірі болды.

Көкшетау қалалық сотында, әкімшілік және тергеу соттарында фронт-кеңсе ашылды

07/10/2019

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері мен судьялар қатысты.

Қ.Идырысов қатысушыларды құттықтай келіп, фронт-кеңсенің азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін маңызды екенін атап өтті.

Беттер