Маңғыстау облыстық соты

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Е. Дәулиев Қарақия ауданының тұрғындарымен кездесті

03/12/2019

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев жұмыс сапарымен Қарақия ауданында болып, белсенділермен кездесті.

Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауында қойылған міндеттерді атап өтті. Ол сонымен қатар  «сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберіндегі пилоттық жобаларды іске асырудың нәтижелері және өңірде ашылған татуласу орталықтары мен медиация кабинеттерінің қызметі туралы айтты.

Ақтауда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану, татуластыру рәсімдері мен сот актілерінің сапасы туралы мәселелер талқыланды

29/11/2019

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев «Рухани құндылықтарды сақтау – өркендеу негізі» тақырыбында өңірлік семинар өткізді. Оның қатысушылары «Руһани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, сот жүйесін жаңғырту, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, сот актілерінің сапасын арттыру, татуластыру рәсімдерін кеңінен тарату мәселелерін талқылады.

Құрылыс салушы мен үлескер арасындағы дау медиация жолымен шешілді

17/10/2019

Үлескер құрылыс салушыға талап қою арызымен сотқа жүгінді және  үлескерлік қатысу шарты бойынша 13 696 250 теңге берешекті өндіріп беруді сұрады.

2017 жылы тараптар арасында үлескерлік қатысу шарты жасасылған болатын, оның шарты бойынша құрылыс салушы Ақтау тұрғын үй кешенінде 3 бөлмелі пәтерді салуға және үлескерге сатуға міндеттенген. Үлескер шарт бойынша өз міндеттемесін адал орындап шыққан,  өзінің барлық жинақтарын сала отырып, 13 696 250 теңге мөлшеріндегі төлемін толығымен жүргізген.

Ақтауда түркі тілдес халықтардың құқылары бойынша халықаралық конференция өтті

12/04/2019

Ақтауда «Түркі тілдес халықтардың ортақ рухани құндылығы мен құқықтық дәстүрінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы» атты халықаралық конференция өтті. Форумды Маңғыстау облыстық соты мен  Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті ұйымдастырды.

Ақтауда №2 сотта фронт-кеңсе ашылды

08/02/2019

Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев, Ақтау №2 сотының төрағасы Рақымжан Бейсенов, судьялар, медиаторлар мен адвокаттар қатысты.

Отбасы мен балалықты қорғау

28/12/2018

Шығыс Қазақстан облысындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №1 мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Анна Жұмағұлова, «Ана үйі» жобасының үйлестірушісі  Наиля Оңғарбаева және «Жанұя» бала асырап алуды қолдау орталығының өңірлік өкілі  Карина Маранян Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум отбасы институын нығайтуға, азаматтардың отбасы мен неке мәселелеріндегі құқықтық мсәдениетін арттыруға бағытталған.

Кәсіпкерлер сотта татуластыру рәсімдерін қолдануды мақұлдады

14/12/2018

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бірқатар пилоттық жобалар іске асырылуда, оның ішінде татуластыру рәсімдері бойынша жоба.

Жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 28 наурызынан бастап 89 талап қою бойынша 59 медиативтік және 21 – бітімгерлік келісім (90 %) бекітілді.Шарттар бойынша берешекті, сондай-ақ 100 000 бастап 20 миллион теңгеге дейін соманы өндіру бойынша даулар реттелді.

Ақтауда электр бағасын заңсыз қымбаттатқан компания жауапкершілікке тартылды

06/12/2018

Маңғыстау облыстық прокуратурасы 24.11.2015 жылғы бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою туралы «Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) мен «Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы» АҚ-ға (бұдан әрі - МЭБК) талап қойып, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Республиканың судьялары бірқатар кездесулер өткізді

23/11/2018

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Мурат Аубакиров, ювенальды сот төрағасы Лариса Шамгонова, судььялар Анар Толыкбаева мен Аида Булакбаева, медиатор Адеми Кемаладинова Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік тенологиялар және инжиниринг университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Ақтауда балаларға жылы шыраймен сот төрелігін ілгері бастыру бойынша жоба іске асырылуда

22/11/2018

Маңғыстау облыстық соты «дөңгелек үстел» өткізді, оның қатысушылары ювенальды сот төрелігін одан әрі қарай жетілдіру мәселесін талқылады.

Іс-шараға судьялар, құқық қорғау мен білім беру органдарының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Беттер