Архив событий

13/04/2024

Қылмыстық істер бойынша 1-тоқсандағы жұмыс қорытындысы шығарылды

13/04/2024

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Назгүл Рахметуллина 2024 жылғы 1-тоқсандағы қылмыстық істерді қарау қорытындылары бойынша республика судьяларымен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді.

Өз сөзінде Н.Рахметуллина соттар 2024 жылғы 1-тоқсанда 2023 жылғы (6 159 қарсы 6 017) 1-тоқсанмен салыстырғанда 2,3 пайызға артық үкім шығарумен іс қарағанын атап өтті. Оның 51-і (0,8%) алқабилермен қаралған. Олар қараған істердің үш есе артуы олардың соттылығының кеңеюімен байланысты.