Архив событий

16/04/2024

 Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті

16/04/2024

Сот отырысында бұған дейін қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша қылмыстық іс материалдарына қосылған мәскеулік мамандардың қорытындысы зерттелді.
Сот айыптаушы тараптың бұл қорытындыны дәлелдеме ретінде жол берілмейтінін тану туралы өтінішхаты бойынша мәселені шешу үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Сот отырысы а.ж. 17 сәуіріне, сағат 10:00-ге шегерілді. 

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

16/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 16 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/IMQuDzyPMvE?feature=share

Берлинде қазақстандық әкімшілік әділет жүйесінің жетістіктері атап өтілді

16/04/2024

      Берлинде Орталық Азияның құқықтық саласы үшін маңызды оқиға – Әкімшілік құқық қауымдастығының конференциясы өтті.
Қазақстан тарапынан ҚРЖС әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Шәкір Шаяхметов қатысты.
Аслан Түкиев Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келе жатқан әкімшілік әділеттің жетістіктерімен бөлісті.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

16/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 16 сәуірде сағат 09:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/I3SoTkjrtjM?feature=share