Е.Максюта MAKSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-де дәріс оқыды
Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта MAKSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY студенттеріне дәріс оқыды.
Кездесуді Сот әкімшілігі, Құқықтық медиа орталығы және Жоғары оқу орнының халықаралық журналистика мектебі өткізді.
Болашақ журналистер сот саласының білікті маманынан сот жүйесі, сот ісін жүргізу және судьялардың мәртебесі туралы практикалық ақпарат алды.