Бс, 11/04/2024 - 11:03
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Өткен жолғы сот отырысында сотталушы кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау және заңсыз алынған активтерді қайтару туралы өтінішхат берген. Сот тараптарға осы мәселені шешуге уақыт белгілеген болатын.
Бүгін, прокурор активтерді, оның ішінде шетелдегілерін қайтару рәсімі уақытты талап ететініне назар аударып, істі кейінге қалдыру және тараптарға аталған рәсімдерді орындау үшін мерзім беру туралы өтінішхатын білдірді.
Сот отырысы процестік келісім жасау туралы мәселені шешу үшін ақылға қонымды мерзімге кейінге қалдырылды.