Жоғарғы Сотта Ә.Жүкенов пен З.Кейкібасованы құрметті отставкаға шығарып салу рәсімі өтті
04/04/2024
Парламент Сенаты Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов пен Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Зәуре Кейкібасованы қызметінен босатты.
Осыған орай өткен салтанатты іс-шарада Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев олардың атына жылы лебізін білдіріп, олардың 30 жылдық мінсіз судьялық қызметі мен беделін, сот жүйесін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталғандықтарын атап өтті.