Архив событий

09/04/2024

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 7-процесс

09/04/2024

А.ж. 9 сәуірінде Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот тергеуі сатысында қылмыстық іс материалдарын зерттеумен, куәлерден жауап алу жалғасуда.  
Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша сот 1 сарапшы мен 3 куәдан жауап алды.
Жұмыс уақытының аяқталуына байланысты отырыс а.ж. 10 сәуіріне сағат 09.30-ға шегерілді.

Монша кешенінде балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды

09/04/2024

Алматы қаласы Медеу ауданының N2 аудандық сотында пара алмақ болды және алаяқтық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот нені анықтады
М.,
Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы бола тұра, кәсіпкер Н.-дан пара алу мақсатында оның “Б» ЖШС және «А» ЖШС компанияларын ерекше қажеттіліктері бар балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

09/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 9 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/thfQkO8FAxw?feature=share

Жоғарғы Сот Төрағасы өңірлік соттармен су тасқыны мәселесін талқылады

09/04/2024

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев республикадағы су тасқыны жағдайына байланысты облыстық және оған теңестірілген соттардың басшылығымен бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді.

Қазіргі кезде су тасқынының салдарынан жағдай қиындауда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бізде соңғы бірнеше онжылдықта мұндай көлемдегі су тасқыны болмағанын атап өтті. Су тасқынына байланысты 10 облыста жергілікті төтенше жағдай жарияланды», - деді А.Мерғалиев.