Ақтауда №2 сотта фронт-кеңсе ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев, Ақтау №2 сотының төрағасы Рақымжан Бейсенов, судьялар, медиаторлар мен адвокаттар қатысты.

 Халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескерілген «OpenSpace» азаматтарға қызмет көрсетудің тосқауылсыз қағидатына көше отырып, фронт-кеңсе жайлы жиһазбен, ұйымдық техникамен, сот отырыстарының кестесі және талап арыздары және басқа да арыздардың үлгілері ілінген стендтермен жабдықталған, интернетке қолжетімдік берілген. Мұнда ақпараттық орталық, өзіне өзі қызмет көрсету аймағы, күту залы, медиатор мен адвокаттың кабинеттері орналасқан.

Фронт-кеңседе азаматтар құқықтық мәселелер бойынша медиаторлар мен адвокаттардың кеңес алуына және медиация тәртіпте дауларды шеше алады.  

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі